Залдарды таңдау
Іс-шараның түріне ғана емес, қатысушыларға да сәйкес келетін ең қолайлы залды таңдаймыз.
Кез келген форматтағы іс-шараларды дайындау, өткізу және қолдау бойынша қызметтердің толық спектрі.
Шараларды ұйымдастыру
«Конгресс Холл» кешені форумдар, көрмелер, саммиттер, конференциялар, конгрестер, дөңгелек үстелдер, семинарлар, шеберлік сабақтары, келіссөздер, кездесулер, жабық отырыстар, салтанатты рәсімдер мен қайырымдылық аукциондарын дайындау, өткізу және қолдау бойынша қызметтердің кең спектрін ұсынады.
Біз серіктестердің кең желісімен жұмыс істейміз және іс-шараларды кешенді ұйымдастыруды ұсынуға дайынбыз. Жоғары білікті мамандар командасы кәсібилігі мен креативтілігінің арқасында кез келген идеяны жүзеге асыруға көмектеседі.
Біздің қызметтеріміз
Іс-шараның түріне ғана емес, қатысушыларға да сәйкес келетін ең қолайлы залды таңдаймыз.
Іс-шараның көлеміне қарай жауапты мамандар тобын құрып, әр кезеңдегі міндеттерін анықтаймыз.
Семинар, корпоративтік кеш, конференция, өнім таныстырылымы немесе көрме — қатысушылар саны мен профилін нақтылаймыз.
Іс-шараны жоспарлау мен үйлестіру бойынша жұмыстар мен шығындар тізімін қамтитын құжат дайындаймыз.
Құрал-жабдықтар, аудио және мультимедиялық сүйемелдеу, қатысушыларға арналған мәдени-ойын-сауық бағдарламалары.
Іс-шара туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жариялау.
Алдын ала брондау
Конференция, форум, концерт немесе салтанатты кеш — бос күнді таңдап, өтінім қалдырыңыз. Менеджер сізбен хабарласып, барлық мәліметті нақтылайды.