Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың алдын алу қортындыларын талқылау бойынша ашық жиналыс
2023 жылдың 27-шілде күні сағ 15:00 де Түркістан облысы мәдениет басқармасының «Конгресс Холл көпсалалы кешені» МКҚК -ның мәжіліс залында «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың» алдын алу қорытындыларын талқылау бойынша ашық кеңес өтті.
Жиналысқа мекеменің сыбайлас жемқорлыққа қарсы құрылған жұмысшы тобымен мекеме бөлімдерінің басшылары, қоғам белсендісі қатысты. Жиналыс барысында тиісті талдамалық анықтама дайындай отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың алдын ала қорытындылары талқыланды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдардың тізбесі айқындалды және қалыптастырылды.