Құрметті әлеуметтік желі қолданушылары!
Байланыс: +7 778 699 60 39.
Эл.почта: turkistan-uko@mail.ru
Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Е.Әлімқұловтың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілетін ішкі талдау (әрі қарай – Ішкі талдау) жүргізу туралы кестесіне сәйкес, Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының «Конгресс Холл көпсалалы кешені» МКҚК-ның ағымдағы жылдың 23 маусымынан бастап ішкі талдау жұмыстары жүргізілетіндігін хабарлаймыз!
Ішкі талдау жұмыстары 23 маусым – 07 тамыз аралығында жүргізіледі.
Егер де, Сізде аталған сала қызметіне қатысты қандай да бір нақты мәліметтеріңіз бен арыз-шағымдарыңыз, білдірер ұсыныс-пікірлеріңіз болса, төменде көрсетілген мекен-жайларға жолдауыңызды сұраймыз.
Барлық проблемалық сұрақтар мен құқық бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша осы көрсетілген байланыс құралдары арқылы хабарласу қажеттігін жеткіземіз.
Байланыс: 8775-991-49-83
Эл.почта: turkistan-uko@mail.ru
Түркістан қаласында өткен «Қазақстан таланттары» Халықаралық байқауында “Конгресс Холл” кешенінің “Керуен” би тобы ГРАН ПРИ-ді жеңіп алды.
Ақерке Жақыпқызы жетекшілік ететін би тобын кезекті жеңістерімен құттықтаймыз. Әрдайым биік белестерді бағындырып, тек ғана жеңіс тұғырынан көріне берулеріне тілектеспіз.
Бүгін «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінде «Түркі әлемінің орталығы» нысанының сәулеттік-көркемдік келбетін, кешенді сәулет тұжырымдамасын әзірлеу үшін республикалық ашық байқау ұйымдастырылды.
Оған еліміздің түкпір-түкпірінен сәулетшілер қатысып, 17 жоба ұсынылды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды аталған арнайы көрмеге қойылған жобалармен танысып, сәулетшілер мен мүсіншілермен кездесті.
– Түркістанның әрбір нысаны талапқа сай болуы тиіс. «Түркі әлемінің орталығы» ғимараты атына сай болып, құрылыс саласының соңғы технологиялары қолданылған жөн. Оған уақыт та, мүмкіндік те бар, – деген Дархан Сатыбалды жобаларды жетілдіру жөнінде өз ұсыныстарын айтты.
Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы ұйымдастырған байқаудың екінші кезеңіне іріктеуден өткен үздік жобалар жіберілетін болды.
2021 жылы, 31 наурызда «Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы» тақырыбында түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммиті өткен болатын.
Саммитте ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласында түркі халықтарына ортақ сәулет нысанын салуды тапсырды. Осыған орай Түркістан облысының әкімдігі осы ашық байқауды ұйымдастырып отыр.
Байқауға қатысушыларға Түркістанның тарихи келбетін сақтай отырып, жаңа нысанның тұжырымдамасын әзірлеу талабы қойылған. Түркі әлемінің орталығы ғимараты түркі тілдес елдердің бірлігі мен ынтымағын білдіретін рухани орталыққа айналуы тиіс.
«Конгресс Холл» көпсалалы кешенінің құрылғанына 2 жыл толуына орай салтанатты іс-шара өтті.
Мерекелік шараға «Amanat» партиясының Түркістан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Бейсен Тәжібаев, Түркістан облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев қатысты.
Шара барысында «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінің директоры Ғалымжан Ерназаров кешеннің атқаратын қызметі, дамуы және алдағы жоспарлары туралы баяндама жасады.
Сонымен қатар, «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінің бір топ қызметкерлеріне Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының алғыс хаты табысталды.
Шарада облыс мақтаныштары Мөлдір Бақытжанқызы, Аяжан Нұрмаханбет, Қайрат Тұрсынбекұлы өнер көрсетіп, халықтың ыстық ықыласына бөленді.
Салтанатты шара әріқарай «Конгресс Холл» кешені өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.
Бүгін 31 тамызда, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Мұрат Нұртілеу Түркістан қаласына келіп, Түркістан облысының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының жиналысына қатысты.
Үкімет басшысы депутаттарға ҚР Президентінің облыс әкімі қызметіне Ұласбек Сәдібеков пен Дархан Сатыбалдының кандидатураларын қарауға енгізу туралы хатын оқып берді.
Әлихан Смайылов кандидаттардың әрқайсысының өңірді басқару үшін кәсіби тәжірибесі мол және қажетті құзыреттері бар екенін атап өтті.
Дауыс беру нәтижесі бойынша 286 депутаттың 200-і Дархан Сатыбалдының кандидатурасын жақтап дауыс берді, 86 депутат Ұласбек Сәдібековті таңдады.
Сессиядан кейін облыс активінің отырысы өтті. Жиында Әлихан Смайылов ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығын оқып берді. Президент Жарлығымен Түркістан облысының әкімі болып Сатыбалды Дархан Амангелдіұлы тағайындалды.
Ел Президенті Шөкеев Өмірзақ Естайұлына аймақ басшысы қызметіндегі көп жылғы жұмысы үшін алғысын айтты.
Дархан Сатыбалды 1974 жылы Сарыағаш ауданында туған. С.Сейфуллин атындағы Ақмола ауыл шаруашылық институтын, Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген. Мамандықтары: экономист-менеджер, заңгер.
Еңбек жолында ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі бөлім меңгерушісінің орынбасары, Шымкент қаласының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымдарында жұмыс істеген.
2018 жылы Шымкент қаласынан Сенат депутаты болып сайланды. 2019 жылдан бері Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарып келді.
Бүгін «Конгресс Холл» кешенінде «Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбындағы облыстық тамыз педагогикалық кеңесі өтті.
Өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев пен ұстаздар кітап көрмесі мен жергілікті жастар құрастырған роботтарды, жобаларды тамашалады.
Тамыз кеңесін «BILIM MEDIA GROUP» ЖШС директоры Рауан Кенжеханұлы жүргізіп отырды. Сондай-ақ, кеңеске «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының төрайымы Күләш Шамшидинова мен білікті ұстаздар қатысты.
Білім саласындағы мәселелер талқыланып, жоспарлар баяндалған жиында облыс әкімі барша ұстаздар қауымына жылы лебізін білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.