НЕГІЗГІ АҚПАРАТ
Түркістан облыстық Мәдениет басқармасының «Конгресс Холл» көпсалалы кешені Халықаралық конференциялар мен форумдардан бастап әр түрлі форматтағы іс-шараларды өткізуге қолайлы бірегей орын болып табылады.
Жаңа әкімшілік-іскерлік орталығында орналасқан «Конгресс Холл» кешені (күні, айы, жылы) № … Жарлығымен 2020 жылы құрылған.
2020 жылы ашылғаннан бері Республикалық және Халықаралық деңгейдегі …. -ден астам іс-шара өткізілді.
«КОНГРЕСС ХОЛЛ!» КЕШЕНІНДЕ ТӨМЕНДЕГІДЕЙ ІС-ШАРАЛАРДЫ ӨТКІЗУГЕ БОЛАДЫ:
- Конгрестер мен форумдар
- Конференциялар мен семинарлар
- Көрмелер
- Іскерлік кездесулер
- Ресми қабылдаулар
- Салтанатты рәсімдер
- Концерттер мен пленарлық отырыстар
- Корпоративтік кештер
БІЗДІҢ МҮМКІНДІКТЕРІМІЗ:
- Сыйымдылығы 1000 орынды концерт залы
- 300 адамға арналған бірінші дәрежелі мейрамхана
- 40 адамдық 2 көп функционалды конференц залы
- 10 орынды VIP мәжіліс залы
- Жалпы ауданы 941.92 м2 көрме алаңы
- Бейне конференцияларды ұйымдастыру
- Тамақтану қызметі
ІС-ШАРАНЫ ӨТКІЗУ
- Кез келген форматтағы және кез келген масштабтағы іс шаралар
- Кез келген іс-шараны заманауи технологиялармен және жабдықтармен қамтамасыз ету
- Кез келген іс-шараға арналған кең ауқымды залдар, орындар, конференц-залдар
- Халықаралық деңгейдегі іс-шараларға қызмет көрсету стандарты
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР
- Қазіргі заманғы проекциялық, дыбыстық және мультимедиялық жабдықтар
- Жоғары жылдамдықты интернетке қосылу, Wi-Fi (100 Мб/с)
- Қазіргі заманғы инженерлік жүйелер
«Конгресс Холл» кешенінде режиссердің шығармашылық қиялына барынша еркіндік беру үшін жағдайлар жасалған. Концерт залы 1000 орынға есептелген. Барлық конференц залдар соңғы техникалық жабдықтармен жабдықталған.
Біз сіздерді «Конгресс Холл» кешенінде күтеміз және біздің мамандардың тәжірибесі мен халықаралық деңгейдегі қызмет көрсету стандарттары сіздің іс-шараңыздың жоғары деңгейде өтетініне кепілдік беретініне сенімдіміз.
Кез келген форматтағы және масштабтағы іс-шараларды ұйымдастыру және қолдау бойынша қызметтердің кең спектрін ұсынамыз.